Саясат

QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды.

QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

Бұл туралы мәлімет Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

— Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

— Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С.», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз