Әлеумет

Қазақстан 2022 жылға дейін көтерме тауар орталықтары салынады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминніңтөрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында азық-түлік қауіпсіздігінқамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру мәселелері қаралды.

Қазақстан 2022 жылға дейін көтерме тауар орталықтары салынады

«Отырыстажобаны іске асыру жоспары туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов,ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев,Алматы облысының әкімі А. Баталов және Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақовбаяндады. Қазақстан ұлттық тауар өткізу желісін — көтерме-тарату орталықтары кешенін(КТО) құру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бағаны бақылаудыңжаңа деңгейіне өтеді. Осыған ұқсас жүйелер дамыған елдерде сәтті жұмыс істептұр, Франция, Испания және басқа да мемлекеттердің тәжірибесі егжей-тегжейлізерделенді» делінеді ҚР Үкіметінің ресми сайтында келтірілген мәліметте.

Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жобасы 2022 жылға дейін үш кезеңде іскеасырылады және 24-тен аса көтерме-тарату орталығы салынады. Бұл шамамен 4,8 млнтонна агроөнімді сақтауға, өңдеу мен таратуға мүмкіндік береді. Жасалып жатқанинфрақұрылым жиналған жеміс-көкөніс өнімдерінің толық сақталуын қамтамасызетуге және шығынды азайтуға жол ашады. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілерді өз өндірісін ұлғайтуға ынталандырады. Бүгінгі таңда жеміс-көкөнісқоймаларының тапшылығы 70% құрайды.

Биыл Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында 5 көтерме-тарату орталығыіске қосылады, бұл қосымша 600 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сақтауғамүмкіндік береді.

Үкімет басшысы барлық өңірлерде дамыған көтерме-тарату орталықтарыжелісінің болуы маусымаралық кезеңдегі азық-түлік тапшылығы мәселесін дешешетінін, нарықта өнім жеткілікті болса, оның бағасы да өспейтінін атап өтті.Сонымен қатар, нақты құрылған тауарды өткізу желісі қажетсіз делдалдарды шектейотырып, цифрлық технологияларды енгізу арқылы әрбір кезеңде қосылатын бағаныбақылауға жол ашады.

«Көтерме-таратуорталықтарын іске қосқанда бірінші кезеңнің өзінде баға белгілеудің ашықтығымен жаңа тиімді сауда механизмдерінің арқасында біз аграрлық өнім бағасы 25%-ғадейін төмендейді деп болжап отырмыз», — деді А. Мамин.

Өңірлердің әкімдіктеріне көтерме-тарату орталықтарына жер учаскелерінбөліп, оларға қажетті инфрақұрылымды жүргізу, сондай-ақ жаңа өндірістердіқұруға жеке секторды тарту мен кеңейту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз