Қоғам

Ресейдің жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағында дабыл белгісін берді

S7 Airlines әуе компаниясының Новосібірден Махачқалаға бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы Қазақстанның үстімен ұшып бара жатқанда төтенше жағдай белгісін берді.

Boeing 737-800

Экипаж транспондерде 7700 кодын қосып, ұшу бағытын өзгертіп, Ресей шекарасына қарай бет алған.

Әуе компаниясының мәліметінше, бұған техникалық ақау себеп болған. Осыдан кейін ұшақты Омбы қаласындағы қосалқы әуежайға қондыру туралы шешім қабылданды. Ұшақ Омбыға сәтті қонды. S7 Airlines дерегіне сәйкес, бортта 173 жолаушы болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Батыс Сібір көлік прокуратурасы жоспардан тыс қону жағдайын және жолаушылардың құқықтары сақталған-сақталмағанын тексеруге кірісті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Boeing 737-800 S7 Airlines
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз