Саясат

Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы қызметіне БАӘ ұсынған кандидатты қолдады

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Лана Заки Нусейбе

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қызметіне Біріккен Араб Әмірліктері ұсынған Лана Заки Нусейбенің кандидатурасын қолдайтынын білдірді.

БАӘ Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Лана Нусейбе бұған дейін 2013–2024 жылдары елінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған. Сондай-ақ ол 2022–2023 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне екі рет төрағалық етіп, ұйымның басқа да басшылық қызметтерін атқарған.

Қазақстан СІМ қазіргі уақытта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ортақ мәмілеге келу оңай болмай тұрғанын атап өтті. Ведомствоның пікірінше, үміткерлер қатарын кеңейту диалогты жалғастырып, барлық тарапқа қолайлы шешім табуға мүмкіндік береді.

Егер Нусейбенің кандидатурасын Қауіпсіздік Кеңесі ұсынып, БҰҰ Бас Ассамблеясы тағайындаса, ол ұйым тарихындағы алғашқы әйел Бас хатшы атанады. Сондай-ақ Таяу Шығыстан шыққан екінші Бас хатшы болмақ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз