«Қазақстан халқына» қорының 818 грантын жеңіп алған түлектердің тізімі шықты
«Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.Тізімді қордың сайтынан көруге болады.
Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:
— ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан — 197 талапкер немесе 24,1%;
— жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар
— 177 талапкер немесе 21,6%;
— мүгедектігі бар — 181 талапкер немесе 22,1%;
— мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан — 261 талапкер немесе 31,8%;
— 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары — 2 талапкер;
— 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар — 1 талапкер.
Гранттардың басым келесі мамандықтар бойынша тағайындалған: «мұғалімдерді даярлау» мамандығы бойынша – 130 талапкер, «қазақ/ орыс тілі мен әдебиеті», «шет тілдері» мамандығы бойынша – 67 талапкер, «құқықтану», «құқық», «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 50 талапкер берілді.