Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
ҚРПремьер-Министрі Асқар Мамин және Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтауқаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстыңталшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic»(TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.
Жобатрансқұрлықтық бола отырып, Еуропа мен Азия арасындағы цифрлықтелекоммуникациялық дәлізді құрады. Каспий теңізінің түбінде ұзындығы 380-400шақырымға жуық болатын кабель тарту жұмыстарын «Транстелеком» АҚ, «KazTransCom»АҚ және «AzerTelecom» әзербайжан байланыс операторы жүзеге асырады. ТОБЖ 2021жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ол кемінде 4-6 терабит/ссыйымдылықпен ақпараттарды жеткізуге мүмкіндік береді.
«Әзербайжан –Қазақстанның стратегиялық серіктесі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы НұрсұлтанНазарбаев, әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиев және оданкейін АР Президенті Ильхам Алиев достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққағидаларын орнатқан. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Елбасының сыртқы саясибағдарын жалғастыра отырып, Әзербайжанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытып,тереңдетуге ерекше көңіл бөледі», — деді А. Мамин.
ҚазақстанҮкіметінің басшысы «Trans Caspian Fiber Optic» бірлескен жобасы деректердіберудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамытудың жоғарыдеңгейіне шығуға, жетекші Еуропа-Азия магистралды бағыттарының қатарына кіругежәне әлемдік деректер транзитінде лайықты орын алуға мүмкіндік беретінін атапөтті.
А. Мамин және А.Асадов екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, ауылшаруашылығы, ғарыш және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығыныңжай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Маңғыстауоблысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Мамин метанол және олефинөндіретін зауыт құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты.Жобаны сингапурлық «WestGasOil» компаниясы жүзеге асырады, инвестициялар көлемі– $1,8 млрд. Зауыттың қуаттылығы – жылына 300 мың тонна метанол мен 600 мыңтонна олефин. Құрылыс кезеңінде 4000 жұмыс орны құрылады, 2023 ж. пайдалануғаберілген соң кәсіпорын персоналы 650 адамды құрайтын болады.
Үкімет басшысы«Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешеннің салынубарысымен, сондай-ақ «КазАзот», «Mangystau Oil Refining» кәсіпорындарының және«Maga-Bread» нан-тоқаш зауытының жұмысымен танысты.
Мамин Ә.Кекілбаев атындағы мәдени орталыққа барып, Қазақстанның халық жазушысыныңмузейі мен мемориалын аралады.