Аймақ

«Qazaqstan» орталық концерт залында жоспарланған іс-шаралар тоқтатылды

4-10 қазан аралығында елордадағы «Qazaqstan» орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шара өтпейтін болды.

Астана

Бұл туралы «Qazaqstan» орталық концент залының баспасөз қызметі хабарлады. 

- Құрметті астаналықтар мен елорда қонақтары!

2023 жылғы 4-10 қазан аралығында «Астана Су Арнасы» МКК Д=150 мм., Д=400 мм. (Астана LRT жобасы бойынша желілерді шығару) су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізіліп, Мәңгілік Ел даңғылы 10/1 мекенжайы бойынша ауыз су беру тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, «Qazaqstan» Орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шаралар көрсетілген мерзімде тоқтатылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Тегтер: Жаңалық
Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз