Руханият

Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтыны түсті

Қазақстандық шаңғышы Данил Васильев АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Жас Алаш Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтыны түсті

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі тәсілдің қосындысында қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті.

Басқа қазақстандық спортшылар келесідей нәтиже көрсетті: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз