Қазақстан үкіметін ғалымдар басқарады екен
Асқар МАМИНжетекшілік ететін Қазақстан үкіметінің құрамында тоғыз ғалым-министр еңбек етіпкеле жатыр.
Министрлер кабинетінің ішінде кішігірім ғылым академиясын ашыпалуға болады екен. Алайда Асқар Мамин бастаған ғалымдар әзірге ғылымды қоятұрып, мемлекет ісімен айналысуда.
СоныменҚазақстан үкіметіндегі ғалымдар кім дейсіз ғой. Премьер-министр Асқар Маминмырза техника ғылымдарының кандидаты. Бұрынғы Целиноград инженер-құрлысинститутын аяқтаған (1987 жыл) үкімет басшысы 2003 жылы Ресей Федерациясыүкіметі жанындағы халық шаруашылық академиясында білім жетілдірілген. Қашан,қай тақырыпта ғылыми еңбек жазғаны жайлы ақпаратты өзі айтпаса, ғаламтордантаба алмадық.
АсқарҰЗАҚБАЙҰЛЫНЫҢ бірінші орынбасары Әлихан СМАИЛОВТЫҢ ғылымға таласы жоқболғанымен, басқа орынбасарлары ғылым саласына еңбек сіңірген екен.
Премьер-министрдіңорынбасарлары Жеңіс ҚАСЫМБЕК пен Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА экономика ғылымдарыныңкандидаты.
Қазақстансыртқы істер министрі Бейбіт АТАМҚҰЛОВ Қазақстан мен Ресей Федерациясында дажоғарғы білім алған министр. 36 жасында кандидаттық жұмысын қорғаған экономикағылымдарының кандидаты.
Қытай,ағылшын, орыс тілін меңгерген қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ та ғылымғатүрен салған. Ол саясаттану ғылымдарының кандитаты болса, ішкі істерминистрлігін басқаратын генерал Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ заң ғылымдарының кандидаты.Айтпақшы, оның диссертациясының тақырыбы күшті – «Билік немесе қызметөкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» деп аталады.Лауазымды қызметке осындай дайындықпен келген Тұрғымбаев мырза қызметін асырапайдаланбауды жақсы меңгерген болар дейміз. Әйтпесе, 2004 жылдан бері кандидатдеген атақты малданып жүре бермей, докторлық «қорғап» алуға да мүмкіндігі бареді ғой.
Денсаулықсақтау министрі де білімге құмар ведомства басшыларының бірі. Елжан БІРТАНОВҚазақстан, Ресей, АҚШ, Германияда білім алған шенеунік. 1998 жылы кандидаттықжұмыс сәтті қорғаған Біртанов 2010 жылы медицина ғылымдарының докторы атанды.
Үкімет мүшелерініңішіндегі тағы бір доктор – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріБердібек САПАРБАЕВ. Зейнет жасынан асып кеткен 66 жастағы Бердібек МӘШБЕКҰЛЫ1999 жылы экономика ғылымдарының докторы атанды. Профессор деген атағы тағыбар.
Министрлер кабинетіндегіғалымдардың тізімін жуырда ғана Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ орнына келгенмәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА аяқтайды. Ол кісібизнес-әкімшілік докторы.
Осылайша 20министрдің жартысында ғылыми дәреже бар. Екі доктор (біреуі профессор!), алтыкандидат. Министрлер кабинетінің сәнін келтіре түсу үшін қалғандары да өзеңбектерін жазып жатқан болар.
Фото: pm.softdeco.kz