Сараптама

Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі

15 сәуірден бастап Қазақстан астық пен ұнның экспортына шектеу қояды. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, елдегі бар астық пен ұнның көлемі ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі

Сапаров ішкі нарықтағы тапшылықты жою және ұн тартатын кәсіпорындарды жүктеу үшін шектеу шаралары қажет екенін айтты.

«2022 жылғы 1 сәуірде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квоталарды енгізу туралы шешім қабылдады. Бидайға арналған квотаның көлемі 1 миллион, ұнға 300 мың тонна», — деді Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз