Қазақстанда індеттен қайтыс болғандардың саны 31-ге жетті
Павлодароблысында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Coronavirus2020.kz сайтынасілтеме жасап.
Пациент 1963 жылы дүниеге келген.
Қазақстанда індеттен барлығы 31 адамқайтыс болды.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.
Коронавирус туралы ақпаратты мына жерден оқисыздар.