Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды қандай дәрімен емдейтіні айтылды
Науқастарды емдеу үшін Лопинавир / Ритонавир, Гидроксихлорохин,Азитромицин, Рибавирин көрсетілген.
Олар да Қазақстанда бар.
Гидроксиохлорин коронавируспенауыратын науқастарды емдейтін медициналық қызметкерлердің алдын-алу үшінқолданатын дәрісі ретінде анықталды. Сондай-ақ, COVID-19 науқастарды емдеугеарналған дәрі-дәрмектердің де тізімі жасалды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтаувице-министрі Лязат Ақтаева.
Ақтаеваныңайтуынша, әлемде COVID-19 вирусының таралуының басында-ақ Денсаулық сақтауминистрлігі бұл инфекцияны аса қауіпті инфекция қатарына жатқызған. Жұқпалы ауру бойыншажетекші мамандар пульмонологтармен және реаниматологтармен бірлесіп жаңаклиникалық хаттама жасады. Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында ол Денсаулық сақтауминистрлігінің сапа жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысында мақұлданды.
Шетелдік әріптестермен үнеміонлайн-кеңес өткізіп, BMJ (British Medical Journal), Вили (АҚШ), Ланцетхалықаралық журналдарында жарияланған ғылыми жұмыстар сүзгіден өткізілгенненкейін, әлемде коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеудің жаңа ілімі ментәжірибесі пайда болғандықтан, қазақстандық клиникалық хаттама жаңартылды.Бүгін оның 5-ші нұсқасы мақұлданды. Сіз олармен Денсаулық сақтауминистрлігінің сайтында танысааласыздар.