Әлеумет

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді

Қазақстандакоронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр, — деп хабарлайды Coronavirus2020.kz. Вакцинаәзірлеумен Ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелеріғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысып жатыр.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді

 Ғалымдар бескандидатттық вакцина ойлап таппақ. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізуүшін ең тиімдісі таңдалады."Әлемнің көптеген елі өз вакцинасын әзірлеутуралы жариялады, алайда бұл олардың барлығы клиникалық сынақтан өтуді талапетеді және бір жылдан кем уақытта аяқталмайды. Вакцина алынғанға дейін COVID-19вирусының таралуына жол бермеу маңызды. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғанаемес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан барлық алдын алу шараларын сақтауқажет", — делінген хабарламада.Еске салайық, Қазақстанда барлығы 49 адамкоронавирус жұқтырған. Алматыда — 22, Нұр-Сұлтанда — 25 және Қарағандыда екіадам емделіп жатыр. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз