Әлеумет

Қазақстанда коронавирустан сегізінші адам қайтыс болды

Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды. «Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.

Қазақстанда коронавирустан сегізінші адам қайтыс болды

Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Марқұм — Павлодар қаласының тұрғыны, ол 8 сәуірде „орташа ауыр деңгейдегі ауруханадан тыс полисегментарлық пневмония, ӨОСА“ диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ер адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Ер адам 2016 жылы „бронх астмасы“, „өкпенің обструктив созылмалы ауруы“ (ӨОСА), „жүректің ишемиялық ауруы“, „үшінші дәрежедегі артериалық гипертензия“ және „көкірек терісінің қатерлі ісігі“ диагноздарымен есепте тұрған», — делінген хабарламада.

Осылайша Қазақстанда қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 8-ге жетті.

Қазақстан бойынша барлығы 781 адам вирус жұқтырған

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз