Қазақстанда тәуелсіз партия құру мүмкін бе?
Президент Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айында қызметіненкететіндігін мәлімдегеннен кейін, Қазақстандағы саяси өмір өткен жылдарменсалыстырғанда біршама қыза түсті.
Әртүрлі бағыттағы саясаткерлер ұйым,бірлестік, партия құру жөнінде бастамалар көтере бастады. Осыған байланыстыбүгін біз «Қазақстанда тәуелсіз партия құру мүмкін бе?» деген сұраққа жауапіздеу мақсатында саясаткер Жасарал ҚУАНЫШАЛИН, саясаттанушылар Дос КӨШІМ менТолғанай ҮМБЕТӘЛИЕВАНЫҢ пікірлерін білуді жөн көрдік.
Саясаттанушы, Дос КӨШІМ: «Дәл қазіргібіздің авторитарлық жүйеде партия құрылып, парламентке барған күннің өзінде олештеңе жасай алмайды. Өйткені «Нұр Отан» өз орнын бермейді, сайлаудың қалайөтетінін білеміз ғой. Сондықтан ол бір заңды не тоқтата алмайды, не өткізеалмайды… Егер қоғамның барлық жағы жөнделмесе, тек қана бір институттың, бірғана демократиялық құрылымның дүниеге келуі мүмкін емес, мүмкін болса да ол өзініңсаяси аренадағы жұмысын жасай алмайды. Сайлау заңы дұрысталмай, тәуелсізбаспасөз өз орнына келмей, жергілікті өзін-өзі басқару және т.б демократиялықинституттар орнамай, жеке бір институттың орнап, жұмыс істеуі мүмкін емес… Партияқұруға талпынып жатқан белсенділердікі – ред) дұрыс. Себебі осылай қозғаусалады. Қоғамда осындай институттар әлі болған жоқ. Осы ұмытылыстарықажеттілікті көрсетіп отыр. Осыған байланысты билік те ойлануы керек. Бұл ұмытылыстаросы институт пен заңдардың түзелуіне алып келуі әбден мүмкін. Жаңа президенткеліп, бұрынғы президентіміз кеткенде адамдарда «осы мүмкіндікті пайдаланыпқалайық», — деген үміт пайда болды. Мен оны қолдаймын. Себебі адамдар соларқылы оянады, саясатқа келе бастайды...».
Саясаткер, Жасарал ҚУАНЫШАЛИН:«Назарбаев басқарып отырған диктаторлық жүйеде тәуелсізпартия құру мүмкін емес. Қазір олар жер жерді аралап, партияның бөлімшелерінқұрып, басшыларын сайлап жатыр. «Оппозициялық» деген атынан шошып отырғанбилік, сөйтіп еркінсітіп қоя ма? Әрине жол бермейді ондайға. Тек қана келісімарқылы жасалады ондай тірліктер».
Саясаттанушы, Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА:«Мынандай заңдық кедергілер кезінде партияны тіркеу өте қиын, тіпті мүмкінемес. Қазіргі жағдайда партияны тіркеу үшін билік құрылымдарымен келісім болуы тиіснемесе саяси элитаның бәсекелестерінің пайда болуына көзқарасы өзгеруі керек.Бірақ мен мынадай қиын-қыстау кезеңде билік бұлай жасайды дегенге күмәнменқараймын. Менің ойымша, билік тәуелсіз партияларға мүмкіндік бермейді…Көшбасшы кеткен тұста бұрын басымдығы болмаған, тыныш бақылаушы болып отырған адамдардабилік үшін күресуге мүмкіндік пайда болады. Бұл кез келген жүйеде болатынжағдай. Менің ойымша, дәл қазір осындай топтар белсенділер арқылы партия құруғаталпынуда. Әзірге оларды тәуелсіз деп айту ерте».
Коллаж: zhasalash.kz