Қазақстанда ҰҚК төрағасы ауысты
Қазақстанда ҰҚК төрағасы ауысты
Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды.
Ақорданың хабарлауынша, Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ірменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Ермек Сағымбаев ҰҚК-ны 2022 жылдың қаңтарынан бері басқарып келген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының ауысу себептері әзірге хабарланған жоқ.