Live

Қазақстанда "Яндекс Такси" қызметінің жұмысына қатысты шағымдар көбейді

9 қазан күні кешке Қазақстан мен Ресейде "Яндекс Go" қолданушылары такси шақыру сервисінің жұмысында ақаулар пайда болғанын хабарлады.

Яндекс такси

Threads әлеуметтік желісіндегі жазбаларға қарағанда, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының тұрғындары қосымшаның дұрыс жұмыс істемей тұрғанына шағымданған. Осындай мәселелер Мәскеу мен Санкт-Петербургте де тіркелген.

Қолданушылардың айтуынша, қосымшадағы кейбір қызметтер ашылмайды, такси шақыру мүмкін болмай қалған немесе көлікті күту уақыты әдеттегіден ұзарған.

Кейбір тұрғындар тапсырыс қабылданғанымен, кейін көлік табу немесе сапар туралы ақпаратты көрсету кезінде қиындықтар туындағанын жазған.

Ақаулар аясында Ресейдегі "Яндекс" компаниясының инфрақұрылымына жасалған жуырдағы шабуылдар да назар аудартты.

Компанияның ресми мәліметінше, 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні Рязань облысының Сасово қаласындағы деректер орталығы дрон шабуылынан қатты зақымданып, жұмысы толық тоқтаған.

Ал 9 қазан күні таңертең Калуга қаласындағы тағы бір деректер орталығына шабуыл жасалып, инфрақұрылымның бір бөлігі істен шыққан.

"Яндекс" компаниясы "Яндекс Go" қызметінің жұмысында уақытша іркілістер болуы мүмкін екенін хабарлады. Қазіргі уақытта мамандар ақаудың себептерін анықтап, оны жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әзірге Қазақстандағы сервистің жұмысы қашан толық қалпына келетіні белгісіз.

Тегтер: яндекс такси
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз