Live

Жетісу облысында сыныптасымен жанжалдасқан оқушы қаза тапты

Жетісу облысының Сарқан ауданында оқушылар арасындағы жанжалдан кейін кәмелетке толмаған бала көз жұмды. Күдікті де жасөспірім, ол ұсталды.

Мектеп оқушы

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, оқиға сабақтан кейін болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі сыныптастың арасында жанжал туындап, оның салдарынан оқушылардың бірі жарақат алған. Кейін ол қайтыс болған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілген.

Сонымен қатар оқу орны қызметкерлеріне қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындаған-орындамағаны тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Байзақ ауылында да 15 жастағы оқушы төбелес кезінде соққы алып, көз жұмған еді.

Тегтер: Оқушы өлімі
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз