Саясат

Қазақстандықтардың 77,5%-ы президенттік сайлауда дауыс беруге ниетті

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы мен «Damu Research Group» зерттеу тобы бірлесе отырып, осы жылдың 29 қазаны мен 10 қарашасы аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Қазақстандықтардың 77,5%-ы президенттік сайлауда дауыс беруге ниетті

Сауалнама нәтижелері сайлауға қатысудың ықтимал жоғары деңгейін тіркейді. 

Қазақстандықтардың 77,5%-ы дауыс беруге ниетті, оның 61,8%-ы міндетті түрде дауыс беретінін, 15,7%-ы дауыс беруге тырысатынын атап өтті. Ниеті жоқ – 9,7%, әлі шешпеген – 12,8%.

Олардың 81,6%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге дайын. Жигули Дайрабаевқа – 2%, Қарақат Әбденге – 1,7%, Салтанат Тұрсынбековаға – 0,7%, Мейрам Қажыкенге – 0,5%, Нұрлан Әуесбаевқа 0,4% дауыс береді. Барлығына қарсы – 4,7%. Ал 8,4%-ы дауыс беруге қатысатыны туралы шешім қабылдамаған.

ҚР Қазіргі Президентінің жоғары қолдауы, ең алдымен, оның қызметімен байланысты. Мәселен сауалнамаға қатысқандардың 88,3%-ы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы үш жылдағы жұмысын жалпы мақұлдайтынын атап өтті. Ал 7,6%-ы бұл пікірмен келіспейді, 4,1% жауап беруге қиналады.

Сонымен қатар, 67,5% Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламасы халықтың мүдделерін ескереді деп есептейді. Сауалнама кезінде 22,7% үміткердің сайлауалды бағдарламаларымен әлі таныс емес екенін атап өтті.

Сол сияқты сауалнама деректері көрсеткендей, әрбір үшінші респондент елдегі саяси жаңалықтарды үлкен қызығушылықпен назарда ұстайды. Әрбір екінші жағдайға қызығушылық танытады. 14%-ына мүлдем қызық емес.

Зерттеуді «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы және «Damu Research Group» зерттеу тобы 29 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізді. Оған 17 облыстан және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 000 респондент қатысты.

Сауалнама ОСК хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз