Саясат

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – Ажар Ғиният

2022 жылы халықтың өмір сүру жаcы ұзарды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – Ажар Ғиният

Министр президент тапсырмасын орындау үшін кешенді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Былтыр 11 айда халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%) төмендеді: қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 34% (33,7%), обыр – 8% (8,3%), тыныс алу ауруларынан болатын өлім-жітім – 1,7 есе, туберкулезден болатын өлім-жітім – 12,5%», — деді Ажар Ғиният министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, былтыр ана өлімі 3 есе (2021 жылы – 185 дерек, 2022 жылы – 57 дерек), ал нәресте өлімі 3% төмендеген.

"Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығының артқаны сөзсіз. Жылдық ресми статистика қорытындысы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері министрліктің келесі алқа отырысында қаралады", — деп түйіндеді сөзін министр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз