Аймақ

Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағының ІІІ деңгейі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Қазақстандықтарға  коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

26 желтоқсанда өңір әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына барып, дәрігерлермен вакцинациялау барысын талқылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің сөзінше, еріктілерге вакцинация жүргізіліп жатыр. Еріктілердің денсаулығында кінәрат болмауы керек, аурудың ауыр түрлері және аллергиялық реакциялар болмауы қажет.

«Он күн ішінде мың жамбылдыққа вакцина салынады. Еріктілермен келіссөз жүргізіледі. Екпе салынғаннан кейін антидене мен иммунитет қалыптасуы тексеріледі. Бірінші және екінші кезеңге 244 қазақстандық қатысты. Бәрі сәтті аяқталды. Кері әсер мен асқыну белгілері жоқ», — дейді ол. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз