Өңір

Қазақстанның алты қаласына карантин енгізіледі

30 наурыз сағат00:00-де Қазақстанның алты қаласы: Атырау, Қарағанды, Теміртау,Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады,Алты қалатұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана, банкқызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады.

Қазақстанның алты қаласына карантин енгізіледі

  Атырау менҚарағандының егде жастағы (65 жастан жоғары) адамдарына өзін өзі оқшаулауғакеңес берілді.

Айта кетейік,Қарағандыда коронавирус жұқтырғандардың саны 7 адам.  Саран, Шахтинск, Абай жәнеТеміртау карантинге жабылған себебі бұл қала тұрғындарының 20 пайызыҚарағандыға жұмысқа және басқа да істер бойынша келеді.

«Бұл қалалардакарантин коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қабылданды», — деп мәлімдеді жергілікті билік.

Ақтауда 30 наурызданбастап ерекше жағдай енгізілді. Қала бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат19:00-08:00 аралығына шектеу, пәтерден шығуға және қоғамдық орындарда жүругетыйым салынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз