COVID-19

Қазақстанның әскери ұшақтары Қытай дәрігерлерін елдеріне жеткізіп салды (видео)

Еліміздің ІІМ өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстанға келген Қытайдәрігерлері елдеріне қайтты.

Қазақстанның әскери ұшақтары Қытай дәрігерлерін елдеріне жеткізіп салды (видео)

Оларды Қытайға Қазақстанның әскериұшақтары жеткізіп салған.

Еске салайық, бұдан бұрын Қытай елінен 10 дәрігер Қазақстанға 45 күнге келген.Осы уақыт аралығында олар медициналық нысандарды аралап, түрлі семинарлар,тренингтер өткізді. Коронавирус инфекциясымен күрес жолындағы тәжірибелеріменбөлісті. 

Шараларға әскери дәрігерлер да қатысты.Олар қазіргі уақытта коронавируспен күресуде үлкен күш болып, қызмет жасапжатыр. 

Қытайлықтар 15 күн ішінде 44 онлайн жәнеоффлайн конференция, 35 лекция және тренинг өткізіп, 10 790 адамдыоқытқан, 500-ден аса сұраққа жауап берген. 

ҚазірҚазақстанда медицина қызметкерлері жаппай инфекция жұқтыруда.  Қытай дәрігерлері бұған алаңдаушылықбілдірген.

<span style=«font-family:Roboto, sans-serif, » font-size:14px;"="">Еске салайық, коронавирусты емдеуде Қазақстан дәрігерлеріне консультациялық және практикалық қолғабыс көрсету және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2020 жылғы 9 сәуірде Қытай Халық Республикасынан Нұр-Сұлтанға арнайы бортпен Қытай дәрігерлер тобы келген болатын. Бұл топ коронавирустық инфекцияның алдын алу және оны емдеу бойынша бай тәжірибесі бар жоғары білікті медициналық қызметкерлерден құралған. Аталмыш рейспен медициналық қорғау заттары түрінде салмағы 4 тоннадан астам Қытай Халық Республикасы Үкіметінің гуманитарлық жүгі жеткізілді (өкпені жасанды желдету аппараттары, хирургиялық бетперделер, қорғау костюмдері). Жалпы, Қазақстан мен Қытайдың коронавирус індетімен күрестегі ынтымақтастығы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ҚХР Президенті Си Цзиньпенмен (24 наурыз) телефонмен сөйлесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар аясында белсенді түрде іске асырылды. 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз