Қазақстанның Тұңғыш әйел Президенті кім бола алады?
Салтанат Тұрсынбековатуралы не білеміз?
Салтанат Тұрсынбекова – қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, екі баланың анасы. Ол ұзақ және ауыр жолды артқа тастап, бүгінгі күнге жетті. Ауылда өсіп, көп балалы отбасында тәрбиеленген Салтанат кәсіби еңбек жолын мектепте қарапайым мұғалім болып бастады.

Содан кейін – кезең-кезеңімен ол өз мансабының бағытын өзгертіп, кәсіби маман ретінде өсіп, отбасын асырап, қоғамды жақсы жаққа өзгерткісі келетін қазақстандық көптеген әйелдерге үлгі болды.
Мемлекеттік қызметтегі және құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясатқа әсері
Салтанат Пархатқызы 20 жылдай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Жоғарғы Сотында және Бас прокуратурасында жұмыс істеді, оның 10 жылдан астамында басшылық қызметтерді атқарды.
Салтанат Пархатқызының тікелей қатысуымен Құқық қорғау органдарының кадрлық саясатын дамыту тұжырымдамасының жобасы жасалды. Прокуратурадағы кадрлық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актілер дайындалды.
Оның бастамасымен, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі жолға қойылып, еліміздің барлық аймақтарында оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Оған қоса, прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталықтарын құруға атсалысты.
Қазір Салтанат Тұрсынбекова – құқық қорғаушы. Ол отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресудегі көп жылғы қажырлы еңбегімен танымал. Соңғы жылдары елімізде ең көп талқыланатын және резонансты мәселелерді талдап, оларды шешудің оңтайлы жолын ұсынып келеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресі
Мемлекеттік қызметте жүріп «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасына бастамашы болды. Ол жағдайды өз көзімен көру үшін дағдарыс орталықтарына, балалар үйіне, қарттар үйіне, әйелдер колониясына, еліміздің ең шалғай ауылдарына сапарлады.
Үкімет «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының идеяларын қолдап, жергілікті әкімдер дағдарыс орталықтары мен отбасын қолдау қызметтерін аша бастады. Оның әзірлеген шаралары екі жыл ішінде алдымен астанада және төрт облыста, кейінірек басқа өңірлерде жүзеге асырылды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын БҰҰ-ның Қазақстандағы құрылымдары зорлық-зомбылықпен күресудің тиімді ұлттық стратегияларының бірі ретінде мойындады.