Әлеумет

«Қазақтардың берген көмегін ұмытқан жоқпыз» дейді жапондықтар

Атырау облысы тұрғындары «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында жиырматоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап, жарылыс орын алған Түркістан облысынажөнелтті.

«Қазақтардың берген көмегін ұмытқан жоқпыз» дейді жапондықтар

Соның ішінде, мұнайлы өңірдегі ең ірі «Дина» сауда орталығының жүзденастам кәсіпкері үлкен көлемде қаражат пен азық-түрік, алғашқы кезектетұтынатын, гигиеналық бұйымдар жіберген.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескен жапон инвесторлары да Арыстағызардап шеккендерге көмектесуге ниетті екендерін мәлімдеді.

— Түркістан облысындағықайғылы оқиғадан жақсы хабардармыз. Жапониядағы атом электрстансасындағы апаткезінде Қазақстан біздің халқымызға өлшеусіз көмек, қолдау көрсетті. Біз оныұмытқан жоқпыз, сондықтан зардап шеккендерге қолымыздан келгенше көмектесугениеттеміз, — деді «Tokyo Rope Almaty» ЖШС-нің бас директоры Такеяма ТОШИО.

Жапондық инвесторлар мұнайды аймақта өздерінің өнім өндіретін зауыттарынсалмақ ниетте екен.Олар бұл жолы келешекте құрылыс жұмыстары жүруі тиіс жердіқарап, индустриалдық мұнай химиясы технопаркінің жұмысымен таныспақ.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз