Саясат

ҚДП: Жасалып жатқан қысымдарға Назарбаев пен Тоқаев жауапты

Бүгін Алматықаласында «Қазақстан Демократиялық партиясын» құрушы бастамашыл топ өкілдеріөздеріне көрсетіліп жатқан қысымға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

ҚДП: Жасалып жатқан қысымдарға Назарбаев  пен Тоқаев жауапты

Адам құқықтары мензаңдылықты сақтау бюросында өткен жиынға белсенділер Жанболат МАМАЙ, ЫрысбекТОҚТАСЫН, Ғалым АҒЕЛЕУОВ және Инга ИМАНБАЙ қатысты.

Саяси белсендіЖанболат Мамайдың сөзінше, «ҚДП» ұйымдастыру тобына жасалып жатқан қысымдарғаНұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ жауапты.

«Біз алға қарай жүрген сайын, өңірлерге барған сайынқысым күшейіп келе жатыр. Ол қысым Жаңаөзен қаласынан басталды. Олар ҒалымАғелеуовқа жұмыртқа лақтырып, физикалық қысым көрсетілді. Жергілікті адамдардыңайтуынша, олар саяси белсенді емес. Біздің ойымызша, ол адамдар биліктіңжіберген арандатушылары. Бізге жасалып жатқан қысымдар мен арандатулардыңбарлығы жергілікті биліктің бастамасы емес, Астанадан келген саяси тапсырма. Осығанбайланысты бүгін біз арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, ІІМ Тұрғымбаевтыңатына АШЫҚ ХАТ жазып отырмыз. Өйткені кездесулеріміз біз барып келген жетіоблыспен шектелмейді… Қазір бізге телефонды тартып алу, жиналысты тоқтатусияқты арандатулар жасалса, енді ұрып-соғу, денсаулыққа зақым келтіру сияқтыарандатулар бола ма деген күдігіміз бар. Ондай жағдайлар оппозицияға қарсыбұған дейін де жасалған. Осындай арандатулардың алдын алу үшін біз осындаймәлімдеме жасағымыз келеді және біз анық айтамыз, егер «ҚДП» ұйымдастыру комитетінеқандай да бір шабуылдар жасалатын болса, оған тікелей Нұрсұлтан Назарбаев,Қасым-Жомарт Тоқаев, Кәрім Мәсімов және Ержан Тұрғымбаев жауапты болады», — деді Мамай.  

Құқық қорғаушы ҒалымАғелеуовтың айтуынша, құрылып жатқан кез келген кәсіподақ, ұйым, партия тәуелсізболуы тиіс және болып жатқан қысымның барлығы биліктің қоғамды демократияландырубастамаларына қауіп төндіреді.

«Кез келген қысым биліктің қоғамды демократияландырубастамаларына тікелей қауіп төндіреді. Тоқаев пен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіжасап жатқан барлық бастамалар бос сөз. Билік шын мәнінделибералды-демокаратиялық қоғам құрғысы келе ме, жоқ әлде барлық құқықтардышектеу арқылы елді жеке дара басқарғысы келе ме? Біздің елдің азаматтары өзқұқықтарын толықтай пайдалануы тиіс», — деді құқық қорғаушы.

Белсенді ЫрысбекТоқтасынның сөзінше, оңтүстік өңірге барғанда олардың жұмысына арнайыдайындалған арандатушы топ кедергі келтіріп, арттарынан аңдығын.

«ҚДП» ұйымдастырутобының тағы бір мүшесі Инга Иманбай жасалып жатқан қысымдардың барлығын билікұйымдастырып отырғанына күмән келтірмейді. Оның сөзінше, Тараз қаласында арандатудыполиция қызметкерлерінің өзі бастаған.

«Тараз қаласында жиналыс өтіп жатқан жерге не шу депполиция қызметкері кіріп келді. Шын мәнінде ол жерде ешқандай шу болған жоқ.Шымкетте «ДВК жасасын» деген жастарды полиция қоршап тұрды. Кеше ғана Алматыда«ДВК» чатында отырды деген айыппен үш көп балалы ананы соттады. Ал Шымкетте «ДВКжасасын» деген жастарды полиция қоршап, қорғап тұр. Ол жастарды билікдайындағанына біздің күмәніміз жоқ», — деді Иманбай.

Фото: Автордікі

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз