Саясат

Қонаев биік еді. Бірақ дәл мұндай емес!

Алматы облысындағы Бақанаста орнатылған Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші әлеуметтік желілерді әбден шулатып жатыр.

Қонаев биік еді.  Бірақ дәл мұндай емес!

Тым жалпақ, тым биік, асқан ұқыпсыздықпен жасалған статуяға халықтың көңілі толмай жатыр. Оны жасаған скульпторлар құдды бір әдейі сүйкімсіз етіп жасау туралы тапсырма алғанға ұқсайды. Қайран Қонаевтың ескерткіші осылай көпшіліктің мазағына қалды.

Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, бұл ескерткіштің ашылуына Димаш Ахмедұлының туыстары ренжіп жатыр. «Ол биік адам еді. Бірақ дәл мұндай емес, депті туыстары. Адамды шошытатын дене бітімі түгілі, түрі де келіңкіремейді» деседі олар.

Шынымен де, бізде көркем-мәдени кеңес бар ма? Бар болса, қайда қараған? Мұндай жұмысты қалайша қабылдаған? Ең сорақысы, бюджеттен, қанша ақша шығындалды екен?

Анығы, бұл скульптура Қонаевты тұлға ретінде асқақтатып тұрған жоқ. Керісінше, бүгінде мемлекеттік басқару мәдениетінің, барлық қоғамдық институттардың терең деградацияға ұшырағанын анық көрсетіп тұр. Бұл – Қонаевтың емес, қазіргі қазақтардың тендерлері мен откаттарының ескерткіші, деген пікірлер айтылып жатыр желіде.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз