Қорғаныс министрлігінің бюджеті мен әскери бөлімдер тексеріледі
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады.
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады.
Тексеру барысында бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғаны және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі бағаланады.