Қос әліпби қазақты ұшпаққа шығара ма?
Қоғамда«қос билік», «қос тіл», «қос әліпби» деген тіркес жиі айтылып қалады.
Онда да еліміздің осындай күйге түскен сорлылығы сөз болғанда. «Қос билік», «қос тіл» жайлы әңгімені кейінге ысыра тұралық. Өйткені айтпаса да түсінікті жайт. Мемлекет тізгінін қосанжарлана ұстап отырған Ақорда менКітапхана жөнінде әңгіме көп. Ал өз елінде өгей баланың күйін кешкен қазақ тілі мен биліктің тілі болып төрде мейманасы тасыған орыс тіліне байланысты запыранға толы әңгімені қайда барсаң да естисің. «Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,сыйынатын тәңірі» деп қанша айтқанмен, ана тілімізді төрге шығаруға құдіретіміз жетпеді. Бәлкім,жеткізбеді.
Енді бұған елімізде қосақтала жүретін қос әліпбиқосылғаны белгілі. Бір қызығы, 100 жылда төрт рет әліпбиін өзгертіп жатқан біз сияқты ел әлемде жоқ шығар.Бар болса, ол – біз. Латынға көшу қазақ тілін халықаралық деңгейге шығарады деп жатқандар бар. Дұрыс та болар. Заман талабы солай. Ұтарымыз мол. Әлемелдерінің 70 пайызы осы латын әліпбиін игерген. Үш мыңжылдық ғұмыры бар бұл әліпби өркениеткежетелері, ұшпаққа шығарары хақ. Түбі бір түркі жұртымен жақындатары тағы бар. Әрине, Қазақ елі әйтеуір бір детоталитаризация һәм деколонизация үдерістерін жасауы тиіс еді. Бір сөзбен айтқанда, отарсыздану – яғни Ресейдің ықпалынан шығар жол. Демек, бұл жерде әліпби ауыстырудың маңызы ерек. Алайда дәл қазіргі кезде елімізгекириллден бас тартып, латынға көшкеніміз асығыстық емес пе? Себеп жоқемес. Айталық, қазақтың арда ұлыМұхтар Шахановтың дабыл қағатынындайбар. Ол: «Латынәліпбиіне көшу қазақ халқын екіге бөледі.Ұлт ретінде жойылып кету қаупі зор», – дейді. Ақынның бұл айтқанында шындық жатыр. Оның үстінеқазақ тілі қанша мемлекеттік тіл деп әлпештесек те, биліктің тіліне, ұлтаралық тілге айнала алмады. Керісінше, орыс тілі үстемдік құруда. Мұндай жағдайдаәліпби ауыстырудың қажеті қанша?!
Ең бірінші, мемлекеттегі барлық ұлт қазақ тілін меңгеріп, ұлтаралық тіл ретінде сөйлей бастағанда, бәлкім, жағдай басқаша болар ма еді. Ал қазіргі жағдайда орыстілділер үшін кирилл, ал қазақтілділер үшін латын әліпбиі жүретін болса, расында, қос әліпби елді қақ жарары хақ. Бір мемлекетте өмір сүріп жатқан жұрттың екі әліпбиді қолдануы қаншалықты ақылға сыйымды? Екі әліпбиді қосақтап алып жүру тиімді ме? Жоқ. Орыстілділер, орыс мектептері үшін кирилл, қазақтілділер үшін латын әліпбиіқолданылуы тұтас отырған жұртты қаққа жару емей немене? Ұлттық қауіпсіздікке, тұтастыққа сына қағу емес пе? Қайтпек керек? Ол үшін мемлекеттің барлық түкпірінде, барлық саласында қазақ тілі ортақ тілге айналуы тиіс. Соған жұмысістеу керек.
Белгілісаясаттанушы Әзімбай Ғали: «Бізге ең бастысы, мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, орнықтырып алу керек.Өйткені Қазақстандағы өзге жұртты қазақтандыру үшін орыс қарпі керек. Ол басты құрал қызметін атқарады.Себебі ұйғыр да, өзбек те, кәріс те – бәрі-бәрі түсінеді.Тағы бір жайт, қазір қазақтардың 57 пайызы қалада тұрады. Кім біледі, олар жанымызға бұрыннан жақын деп, орыстіліне ауып кетуі де мүмкін. Сондықтан латын әліпбиіне асықпау керек. Уақыты келер, сол кезде көре жатармыз», – дейді.
Саясаттанушының айтқанында жан бар. Біз өзге ұлтты өзімізге сіңірмей, «жұтып» қоймай, ұлт мүддесіне келгенде қиындықтарға тап бола беретініміз шығар күннің көзіндей шындық. Межемен 2025 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін еркін меңгеруге тиіс болатын. Сол кезде латын әліпбиі де қолданысқа енгізіледі деп күтілген. Қазір –2020, қыр астында – 2025. Тілге байланысты айтар болсақ, өзгерген ештеңе жоқ. «Баяғы жартас – сол жартас». Есікті ашып, сыртқа шыққаннан бастап Ресей тілінің, орыс тілінің салтанат құрып тұрғанын көруге болады. Мұндай жағдайда әліпби ауыстырудың реті бар ма? Қос тіл, қос әліпби түбі екеуі ара тартысқа алып келіп, елді дүрбелеңге, сүргінге салып қоймай ма? Бәлкім, Әзімбай Ғалидың айтқанына құлақасу керек шығар? Сіз не дейсіз?
Күлтегін БЕК