Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:27, 03 Мамыр 2019

Қосановтың сайлау алды штабы қол жинап бітіп қалды

Президенттіксайлауға түсуге үмітті саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ тиісті қолды жинап бітіпқалды.

Заңға сәйкес Қазақстанның барлық өңірінен 118 мың 140 адамның қолыкерек.

«Сайлау сайысына түсу үшін қажет 1% дауысты барлық аймақтарда жинап бопқалдық. Ертең-арғы күні бітіруге жақынбыз. Күтіп тұрғанымыз тек екі аймақАлматы мен Шымкент, оның өз себебі бар. Өкінішке қарай бізге беймәлімсебептермен бұл екі аймақ тізім парақшаларын өзгелерден кеш алды. Дегенменелдің ықыласы күшті. Бұйыртса үлгеру керекпіз. Штабтың жоспары бойынша 05 мамыркүні көрсетілген меже, жалпы сайлаушылардың 1% қолын өткізу керекпіз. Қолдау білдіріп, қол жинауға атсалысқан xалыққа мың алғыс», — деп жазды facebook.comжелісіне Әміржан Қосановтың сайлау алды штабының өкілі Дәурен БАБАМҰРАТОВ.

Бүгін Орталық Сайлаукомиссиясы «Нұр Отан» партиясынан түсіп отырған Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ кандидатретінде тіркелгенін хабарлады. Оның қолдауына 315 910 азаматтың жиналды,313 653 мыңы жарамды болыпты.

Фото: facebook.com

Тегтер: