Әлеумет

Қошанов қоқыспен күресіп жүр

«Мен мұндай лас қаланы бұрын-соңды көрген жоқпын!»Бұл Қарағандыоблысы әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ өзі басқарып келе жатқан облыс орталығына қатыстыайтқан сөзі.

Қошанов қоқыспен күресіп жүр

Облысты екі жылдан бері басқарып келе жатқан әкім Қарағандыныбүгін көргендей таңғалып, қаланың көктемгі көрінісіне қатты наразы болды.

Қарағандының орталық көшелерінің өзінде шашылған қоқыс пен құрылыс қалдықтары жетерлік. Алқаланың шетіндегі Пришахтинск, Октябрь, ЖБИ аудандары әсіресе көктемгіуақыттарда қоқыстың ортасында қалады.

«Бұрынғы ауламызға жете алмай қалдық» деген тұрғындар тілшілердішақыртып, жұрт шулаған соң облыс әкімі Майқұдық пен Пришахтинск аудандарындағыаулаларды аралауға шықты. 3-сәуірде Пришахтинскідегі «100 аула» бағдарламасыменжасалған аумақтың жаңа сыйқын көрген аймақ басшысы қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВАКЕбірден сөгіс жариялады.

«Бүкіл қалада өткен жылдан бері қалған қоқыс әлі шашылып жатыр. Кез келген аулаға барсаңыз санитарлық жағдайдан жаныңыз түршігеді. Мен мұндай лас қаланы бұрын-соңды көрген жоқпын, мүлдем босаңсып кеттіңіздер», — деп қала әкімі мен оның қарамағындағы шенеуніктерді сынға алған әкім қаланы қоқыстан арылтуға бел шешіп кірісті.

Қошановтың қоқыс үшін белсенуіне тікелей түрткі болған Пришахтинскелдімекеніндегі 21-ықшам ауданының тұрғындары. Олар былтыр аулаларын көркейтуүшін жасалған жұмыстардың пайдасынан зияны көп болғанын айтады. Сөздерінеқарағанда, жөндеу жұмысынан кейін біраз қолайсыздықтар туындаған.

Бұл аудандағы 6-11 үй аулаларына былтырғы жылы «100 аула»бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұрттың айтуыншамемлекеттің  қаражатына жасалған жұмыстарсапасыз жасалуымен қоса мұндағы тұрғындарға қолайсыздық туғызған. Үйауласындағы жол шетіне төселген  бедерлітастармен жол жиектері жылға жетпей қирай бастаған. Сондай-ақ асфальт барлықжерге төселмеген, үй аулаларына жарық шамдар аз орнатылыпты. Аулалардыабаттандыру жұмыстарының кесірінен Пришахтинск тұрғындары мектепке баратынжолдарынан айрылған, бұрынғы жолды алып тастаған, ал жаңасы сол бетітөселмеген.

Осы жағдайларды көзден өткеріп, «жаны түршіккен» облысәкімі ә дегеннен қаланың тазалығы жайлы тиісті адамдарға тапсырма беріптастады. Әкімнен тапсырма алған Қарағанды билігіндегі ақ жағалылар мен полицияқызметі бірлесе жұмыс істеуді дұрыс көрген болу керек, «қоқыс іздеу» шараларынакүш салып-ақ жатыр. Қарағандының бір ғана ауданындағы жағдайдан соң, қоластындағыларға сенбеді ме, Қарағандының шеткі аудандарын да аралап шықты. Олаудандардың жағдайы да көңілінен шықпаған болу керек, қала әкіміне сөгісжариялауды місе тұтпай, аппараттық жиналыста қоқыс шашқыш бизнес өкілдері менпәтер иелері кооперативтеріне айыппұл салу керектігін де айтып қалды.

Әкімнің өзінен мұндай тапсырма алған соң жан қала ма,қазір Қазыбек би ауданындағы 14 ПИК ірі көлемде айыппұл салынды. Әкім айтқансоң солай деп жүр ме, әлде өздері бұрыннан ойлап жүрді ме екен, билік өкілдеріайыппұл салмаса қарағандылықтар қоршаған ортаға немқұрайлы қарап, оныластағанын қоймайды деп отыр.

Қазір қаланы қоқыстан тазарту науқаны басталып кетті. Бұларнайы шара екі айға созылмақ.

Арайлым САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ

Фотоларды автор ұсынды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз