Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
Зейнеткердің мәйіті тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Оқиға 30 қазанда Қостанайдағы Кубеев көшесінде болды.
Әлеуметтік желілерде қария ауладағы орындықта отырған кезде оның тамағын кесіп кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталған. Ол – жергілікті кәмелетке толмаған тұрғын.
17 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.