Құдай мен мұнай. Қара алтынсыз болашаққа дайынбыз ба?
Қазір нашақор есірткіге қалай тәуелді болса, еліміз де брент бағасына солайтәуелді екенін бес жасар балаға дейін біліп алды.
Экономистер «мұнайинесі» деп атаған құбылысқа еліміз соңғы 20 жыл бойы шырмалып келеді жәнеодан құтылудың амалын таппай келген еді. Енді коронавирус бізге тамашамүмкіндік беріп отыр.
Алдымен мұнай бір күнде жоқ болып кетсе, өміріміз қалай өзгереді дегенқарапайым сұраққа жауап іздеген болатынбыз. АЕRC басқарушы серіктесі, экономистОлжас Тілеуов оны есептеудің еш қиындығы жоқ дейді. Мұнай саласынан түсетінтабыс біздің жалпы кірісіміздің тең жартысына пара-пар. Демек, мұнайсызжағдайымыз тура екі есеге нашарлайды.
«Бұл ретте шикізаттан бөлек сектордың ішкі жалпыұлттық өнімдегі үлесіәрине көтеріледі. Бірақ көлемі өсе ме? Әңгіме сонда».
Расында да мұнай жоқ болса, біз басқа шикізат көздеріне иек артып, отыраберуіміз мүмкін. Біздің экономикалық психологиямызды түбегейлі өзгертіпжіберетін қатты шок қажет. Көршілес Қырғызстан моделін саралап көрсек, олардажеңіл өнеркәсіп, оның ішінде тігін саласы дами бастағанын байқаймыз. Бірақсонда да, ресми Бішкек алтын өндірісінен түсетін кіріске қатты тәуелді жәнебюджетінің тең жартысын Құмтөр сынды кен орындарынан алады. Демек олар да,шикізат шырмауынан толық құтыла алмаған.
Әлемдік нарықта түрлі-түсті және қара металл, сонымен бірге уранға дегенсұраныстың бәрібір сақталатынын ескеретін болсақ, біз де шикізатқа дегентәуелділіктен толықтай арыламыз деуге келмейді. Ең бірінші қадамымыз, осытәуелділіктің үлесін азайту болып отыр. Бірақ ол үшін барлық шығыстарымыздыжіті тексеріп, қазірден бастап үнемді бюджет мәдениетін енгізу керек.Бюджетіміз жылдан-жылға, тіпті мұнай бағасы жоғары болып тұрған кезде дедефицитпен жасалатын болған. Мұнай инесінен сытылу үшін профицитті бюджетке қайтаоралуымыз қажет.
Босаңсымай, белдікті тартуымыз керек дейді, қаржысарапшысы Андрей Чеботарев. Ұлттық қорды сорып отырған қолданыстағыбағдарламаларды талдап, оның ішінде келешегі жоқ бағдарламаларды қысқартуқажет.
"Қажет бағдарламалардың барлығын бір ғанаоператор жүргізетіндей қылу керек. Оннан астам даму институттарының қажетішамалы. Елордадағы LRT сияқты пайдасыз жобалардың бәрін тексеру қажет. Олардықаржыландырмай, шынымен мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек жасауымыз тиіс".
Ұнаса да, ұнамаса да, алдағы 5 жылда мұнайдың маңызыайтарлықтай төмендейді. Көмір индустриясы да дәл сондай күй кешкен болатын.Демек, мұнай кен орындарына енді мемлекеттік инвестиция салудың қажеті жоқ.Болашақта мұнайшыларды агроном, зооветтехник, агротехнолог мамандықтарына қайтаоқыту мәселесін қарастыра бастауымыз да мүмкін. "Құдай-Мұнай" схемасыұмытылып, тарих қойнауына енбек.
Жалпы, қандай кризис болмасын, азық-түлік, былайшаайтқанда тамақ саласы ешқашанда құлаған емес. Тіпті дағдарыста адамныңпсихологиясын сараласақ, ол бар артық шығынды қысқартып, сол қаржыға тамақ алабастайды. «Біз тез арада азық-түлік державасына айнала алсақ, ондакез-келген дағдарыста керісінше байып отырамыз» — дейді, Экономикалықбастамаларды қолдау қорының сарапшылары.
«Біз үшін жаңа мұнайды алыстаніздеудің қажеті жоқ. Кезінде біз аграрлы ел болғанбыз. Біздің жаңа мұнай — олауыл шаруашылығы. Қазіргі Ұлттық қордағы қалған қаржыны дәл осы трансформацияғажұмсауымыз керек. Осы идеяны сәтті жүзеге асырған елдер аз емес. Мысалы,Израильдың тәжірибесін ұтымды пайдалана аламыз».
Кремний жазықтығы сынды компьютер, гаджеттер құрастыра алмайтынымыз анық.Технологиясы дамыған елдерден біз кем дегенде 50 жылға артта қалдық. Тымқұрығанда ауыл шаруашылығын қолға алғаннан басқа амал жоқ.
Сонымен еліміз мұнайсыз қалса, қазіргі жағдаймыз екі есеге нашарлайды депболжанып отыр. Бұл біздің санамыздың өзгеруіне жеткілікті фактор ма? Масылдықпсихологиясынан арыла аламыз ба? Бір нәрсе анық — мұнай қазақты бақыттықылмады. Ендеше оны тезірек ұмытып, басқа салаға жедел көшіп кетуіміз керек.Бұл соңғы көш болуы мүмкін. Оған да ілесе алмасақ, ертең елдігімізді сақтапқалуымыздың өзі күмәнді.
nege.kz