Әлеумет

Құдықтағы қаза

Шығыс Қазақстаноблысының Зайсан қаласында бір адам кәріз құдығындағы метан газынан уланыпқайтыс болды.

Құдықтағы қаза

Ал оны құтқармақшы болған қасындағы адам қазір ес-түссізаурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккен үшінші адамның жағдайы бірқалыпты. Ол да аудандық ауруханада ем алып жатыр.

Қайғылы жағдай қаладағы Спамбетовкөшесіндегі көпқабатты үйдің іргесінде болған. «Зайсан» коммунальдықмекемесінің екі жұмысшысы тек суды сорғызып алу үшін барған екен. Бірақ, біреуібелгісіз себептермен қорғаныс құралдарынсыз құдыққа түскен. Оның есінен таныпқұлағанын көрген әріптесі мекеме басшылығына хабарлап үлгеріп, серігін құтқаруүшін ол да түсіп кеткен. Соңынан көмекке келген үшінші қызметкер де улы газғауланып қалды.

«Қазір жазатайым оқиға бойынша тергеп тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Марқұмныңденесі медициналық тексеруден өткізіліп, бүгін түстен кейін туыстарына берілді.Қажетті көмекті мекеме көтеріп алды. Барлық шығындарына шамамыз келгеншекөмектесеміз. 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмектестік»дейді,«Зайсан» көпсалалыкоммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Елдос АЙНАБЕКОВ.

Мекеме басшылығы оқиға орнында көз жұмған марқұмбес жылдай қызмет атқарған, тәжірибелі жұмысшы екенін айтып отыр. Өзі төртбаланың әкесі болған.

Фото: aktobenews.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз