Өңір

Құйын соқты

Оңтүстіктебиыл күн райы мың құбылып тұр. Көктем ерте шыққанымен, ара-тұра ауа райы күртсалқындап, табиғаттың тосын мінез көрсетуі жиіледі.

Құйын соқты

9 сәуірде жеміс ағаштарыныңбәрі гүлдеп, көк көтеріле бастаған кезде Шымкенттің өзінде тобықтан келетін қаржауды. Таулы аудандарға түскен қардың қалыңдығы тізеге жақындады. Мамыр басталғалыбері күн бір ысып, бір суып тұрақталмай тұр.

2 мамыр күні  Мақтааралды су алыпжатқан кезде Ордабасы ауданындағы Аққойлы ауылын ойда-жоқта құйын соқты. Тұрғындардыңайтуынша, бәрі түс мезгілінде, бас-аяғы 5-10 минутта өте шыққан. Алдыменаспанға бұлт үйірілген. Осы көріністі тұрғындар ұялы телефонның камерасынатаспалаған екен. Видеоға қарағанда, үйірілген бұлт АҚШ-тағы торнадо құйынынеске түсіреді. Мұндай құбылыс оңтүстіктің табиғаты үшін өте сирек кездеседі.Құйын ауылдағы бірнеше үйдің шатырын ұшырған. Ағаштарды тамырымен жұлып, электрбағаналарын құлатқан. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Мал да дін аман.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, табиғатапатынан 17 үйдің шатыры ұшып, үш электр бағанасы құлаған. Соның салдарынан 60шақты үйден тұратын ауыл жарықсыз қалған.

Ал аудандық әкімдіктің таратқан мәліметіне қарағанда, қазір апаттыңзардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарық қайта қосылған. Әкімдіктекомиссия құрылып, шығын есептелуде.  Ауданәкімінің орынбасары Азат Оралбаевтың сөзіне сенсек, қалпына келтіру жұмыстарыәрі  кеткенде 10 күнде аяқталады.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз