Саясат

Құран өртеген тұтқынды Кадыровтың ұлы соққыға жыққан

Волгоградта Құран кітапты өртегені үшін ұсталған Никита Журавелді Грозныйдағы тергеу абақтысында Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың 15 жастағы ұлы соққыға жыққан, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап.

Құран өртеген тұтқынды Кадыровтың ұлы соққыға жыққан

 

Бұл мәліметті Шешенстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Мансұр Солтаев жеткізді. Ол бұл жәйтті Ресей омбудсмені Татьяна Москальковамен бірлесіп шешетінін мәлімдеді.

«Менің атыма осындай хат келді. Мен онымен жеке кездесу үшін тергеу абақтысына бардым. Никитамен сөйлескен кезде, Шешенстан президенті Рамзан Ахматұлымен кездесудің артынша оның ұлы Адам Кадыров ұрған», – деген Солтаевтың сөздерін «Грозный-информ» агенттігі жазған.

Волгоградта Құранды өртеп жатқан Журавелдің видеосы 19 мамырда тараған. Екі күннен кейін полиция қызметкерлері оның Украинаның аннексияланған Қырымнан көшіп келген азамат екенін анықтаған.

Ресейдің тергеу комитеті бұл істі Шешенстанға беруді шешкен. Мамыр айының соңында Журавелді Шешенстанға жөнелткен.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз