Сараптама

Қырғыз медиасы Қазақстанмен арадағы су тапшылығын қалай жазып жатыр?

Қырғыз республикасы ресми түрде Киров су қоймасынан Қазақстанға су жіберін тоқтатқан.

Қырғыз медиасы Қазақстанмен арадағы су тапшылығын қалай жазып жатыр?

Бұған себеп ретінде лимиттің біткенін айтады. Кім кінәлі? Қырғыз медиасы бұл туралы қандай ақпарат беріп жатыр?

agro.kg сайтының жазуынша, қазақ билігі Киров су қоймасындағы судың тоқтауын есептеп, шығынды көрсетіп, бәріне қырғыз жағын кінәлауда. Анығында, Киров су қоймасындағы су қазаққа да, қырғызға да жетпей отыр. Қырғыздар тағы да саналы әрі әдейі қазақтың шаруа қожалығына су жібермей, қастандық жасап отырғандай күйде қалды. 

Аталған БАҚ қазақ пен қырғыз арасындағы достықты жаза келіп, өздерінің қазаққа әрдайым қол ұшын бергенін айтады әрі бірінші президент Назарбаев та, қазіргі Президент Тоқаев та су мәселесін алға тартып, ұмытуға болмайтын сәттерді ұмытып кетті дегенге келтіреді. 

Су мәселесіне келсек, Қырғыз елі бауырым деп санайтын Қазақстанды бірінші кезекке қойған. Көрші елге жіберілетін су көлемі нақты келісім бойынша, уақытылы, графикпен, қол қойылған протоколмен жүзеге асып отырған. Қазақстан өзіне берілген лимитті түгесті. Атап айтқанда, 5 тамызда Қазақстан жағы өзіне берілген барлық су мөлшерін пайдаланып тастаған. Ал Қырғызстан суды үнемдеп, өте аз мөлшерде пайдаланған. Бүкіл су қорын бірден пайдаланып тастаған қазақ билігі енді кімді кінәлап отыр?

Су тапшылығы — осы жаздағы орта азияның ортақ проблемасы. 

Осы жағдайға қарамастан, қазақ билігі «сауда соғысын» бастаған. Екі ел арасындағы шекарада тағы да қаншама шақырымға созылып жатқан кезек пайда болған. Ресми деректерде екі жақ та жүк тасымалдайтын көліктердің рұқсат қағазына қатысты кезек болғанын айтады. Алайда кулуарда мұны су тапшылығы үшін Тоқаевтың Садыр Жаппардан өшін алуы деп түсіндіреді.

Тегтер: Без Тега
М. Ақан
М. Ақан М. Ақан

Оқыңыз