Қырғызстан Тәжікстанға территориялармен алмасуды ұсынды
ҚырғызстанТәжікстанға территориялармен алмасуды ұсынды. Бұл жөнінде ca-news.orgбасылымы хабарлады.
Қырғызстанпрезиденті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ Тәжікстанмен шекаралас даулы аймақтарға қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше ресми Бішкек қажет болған жағдайда Душанбеменжер алмасуға дайын.
«Қырғызстан бұл жұмысқа дайын. Вице-премьер Разақовбастаған комиссия, премьер-министр және мен өз бағытымызды айқындадық. Бізәріптестікке шақырудамыз. Қажет болса, территориялармен алмасуға дайынбыз. Барлықнұсқаларды қарайық. Тұрғындармен сөйлесейік. Бірақ шындығын айтқанда, жұмыс бізқалағандай емес, өте баяу жүруде. Бұл мәселені шешудің 3 жолы бар. Оның еңтиімдісі екіжақтың көзқарастарын ескере отырып келіссөздер жүргізу. Біз қазіросы жолмен келеміз», — деді Жээнбеков.
Қырғызстан менТәжікстанның шекаралық аудандарында жергілікті халық арасында кикілжің жиіболып тұрады. Желтоқсан айының басында ғана шекаралық аймақта орналасқанКок-Таш ауылында қырғыздар мен тәжіктер арасында қақтығыс болып, тараптарбір-бірін таспен атқылаған.
Фото: ca-news.org