Өңір

Қырыққабат жыры: Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қаласында тексеру жұмысын бастады

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ҚР Ауыл шаруашылығыминистрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдік өнімдерінің экспорты үшін 10,0мыңнан астам фитосанитариялық сертификаттар, оның ішінде ерте піскенқырыққабатқа 2,5 мың сертификат берген.

Қырыққабат жыры: Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қаласында  тексеру жұмысын бастады

Жуырда фермерлердің жаппай үндеуінебайланысты Шымкент және Түркістан аумақтық инспекциясы үстемелі жұмыс режимінекөшті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қырыққабатты экспорттауғақажетті құжаттар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық аумақтықинспекцияларында беріледі. Мамыр айында олар 2,7 мыңнан астам өтініш қабылдады.Осы айда мамандар 2,7 мың фитосанитарлық және 164 карантиндік сертификаттар берді.Бұл дегеніміз, өсімдіктердің карантиндік тексеруін жүргізетін әр мемлекеттікинспектор күн сайын фермерлердің 40-қа жуық өтінішін өңдейді, бұл сәуір айыменсалыстырғанда орташа есеппен 2,5 есе көп.

Қырыққабат өндірушілердіңбарлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіагроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Шымкент қаласыныңаумақтық инспекциясына қосымша жұмыс уақытын енгізді. Сонымен қатар,өтініштердің күрт артуына және оңтүстікке фитосанитариялық сертификаттардыңберілуін жеделдетуге байланысты басқа өңірлерден қызметкерлер іссапарға жіберілді.

Фитосанитарлық сертификаттардыберуден дәлелді бас тарту Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантинітуралы» заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі, өтініш берілген күнненбастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жалпы, фитосанитарлықсертификат беру процесі үш негізгі кезеңнен тұрады:

1)   ББАЖ порталына түскен өтінімдерді тіркеу және тексеру, оныңішінде өтінімде көрсетілген ақпарат пен деректердің толықтығы мен дұрыстығынтексеру;

2)     карантиндік фитосанитарлық жағдайды белгілеужәне карантинге жатқызылған өнімдерді физикалық тексеру, сондай-ақ тексеружүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі инспектордың карантинге жатқызылғанөнімді сақтауы және қоймаға баруы (үлгілерді фитосанитариялық сараптамағажіберуге болады);

3)  карантиндікфитосанитарлық бақылау және қадағалау туралы актіні БААЖ-да ресімдеу,фитосанитарлық сертификатты тіркеу немесе оны беруден дәлелді бас тарту.

         Сондай-ақ,бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде көрсетілген шағымдарғасәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Шымкент қаласындағы аумақтықинспекцияның жұмысын тексеруді қолға алғанын хабарлаймыз.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз