Live

Қызылордада анасы мен сәбиін қағып, қашып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Қызылордада әйел мен оның бес айлық сәбиін көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды.

Алексей Великов

 Жол апаты салдарынан нәресте көз жұмған.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 2000 жылғы 1 шілдеде туған Алексей Александрович Великов іздестіріліп жатыр. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Жол-көлік оқиғасы 13 қазанда Қызылорда қаласында болған. Полиция мәліметінше, Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі кішкентай баласымен бірге жүрген әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ауыр жарақат алған әйел жансақтау бөліміне жеткізілген. Оның шамамен бес айлық ұлы да ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы және оқиға орнын тастап кету фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Бұған дейін құқық қорғау органдары көлікті басқарған болуы мүмкін адамның жеке басы анықталғанын және қаладан шығатын жолдарда бақылау күшейтілгенін хабарлаған.

Полиция күдіктінің қайда жүргенін білетін азаматтардан төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

8 (7242) 27-77-01, 27-64-71, 29-75-07, 27-42-06, 29-75-69 немесе 27-45-47.

Қалалық полиция басқармасының мекенжайы: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 112.

Сонымен қатар жергілікті заң компаниясы күдіктінің орналасқан жерін анықтауға көмектесетін ақпарат үшін 500 мың теңге сыйақы жариялаған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз