Әлеумет

Қызылордада қорықшылар браконьерге айналған ба?

Қызылордада қорықшылар қорықшыларды қолға түсірді. Заңсызаң аулады деген күдікпен «Охотзоопромның» қызметкерлері ұсталды.

Қызылордада қорықшылар браконьерге айналған ба?

Браконьерлікпен айналысты делінген табиғат қорғаушылары  ақбөкенді көлікке тиеп, қашып бара жатқанжерінен ұсталыпты. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

«Охотзоопромға» тиесілі көлікті Қармақшы ауданыныңаумағында  полицейлер мен«Охотзоопромның» инспекторлары тоқтатқан. Олар көліктің сыртынан қан іздерікөрінгендіктен автомобильді толық тексергілері келіпті. Алайда күдіктіқорықшылар сол сәтте  қаша жөнелген екен.Автомобильді ұстау барысында ішінен қару-жарақпен қоса, ақбөкен жануарытабылған. Қазір күдіктілер  тергеугеалыныпты.

«Ұсталғандардыңбірі уақытша тергеу абақтысында. Ал қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасықолданылды.  Қазіргі таңда аталған дерекбойынша  ҚР ҚК 339-бабының 2-бөілігі, 2,4тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілі жатыр», — деді  Қызылорда облысы полиция департаментінің ішкіжәне сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Гүлжахан ҚАЙЫРБЕРГЕНОВА.

Фото: zhaikuni.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз