Әлеумет

Қызылордадағы «Маугли» бала

Қызылорда қаласында «Маугли» бала атанып кеткен 9 жасаржасөспірімнің анасы әлі табылмаса да, сот оны ата-ана құқығынан айырды.

Қызылордадағы «Маугли» бала

Полицейлер шашы өскен, үсті-басыалба-жұлба Владик ЦОЙ есімді баланы осыдан сегіз ай бұрын қаладан алыс  «Сабалақ» саяжайындағы қамыстардыңарасынан  тауып алған еді. Құзырлыоргандардың қолында баланың анасы Владикті тастап Кореяға кеткен деген ақпаратбар.

«Біз баланы тауып алғанда шашы өскен, шаршаңқыраған,психологиялық ауытқуы бар екені белгілі болды. Анасын іздестіру барысында ЦойЛюдмила есімді әйел Владикті әкесіне беріп кеткен екен. Ол азаматша қазіргі таңдаКореяға жұмыс істеуге кеткен», — дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімініңбасшысы Нұрлыхан РАХМЕНШИЕВ

Анасы Кореяасып кеткен Владикті заңды әкесі болып саналмайтын жанға «баланың әкесі сен»деп тастап кеткен. Ал баланы қамқорлығына алған тұрғын 2019 жылдың мамыр айындақайтыс болған. Содан кейін бала көше кезіп кеткен көрінеді. Бүгінде 9 жасаржасөсіпірім 8 айдан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындатәрбиеленіп жатыр. Бүгін сот Людмила Цойды Владикті қараусыз қалдырғаны үшіната-ана құқығынан айырып, алимент өндіруді міндеттеді. Алайда Людмиланың қазірнақты қайда екені белгісіз.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз