Саясат

«Ресей жеріміздің бес пайызын аннексиялап алды»

Эстония парламентініңтөрағасы, Консеравиті халықтық партияның мүшесі Хенн ПЫЛЛУААС Ресей жеріміздіңбес пайызын күштеп өзіне қосып алды деп мәлімдеді.

«Ресей жеріміздің бес пайызын аннексиялап алды»

Бұл туралы delfi.eeинтернет басылымы жазды.

«Эстониятерриториясын аннексиялау оккупациялау деген сөз. Қырымды тартып алудан ешайырмасы жоқ», — депті Эстон парламентінің спикері.

Хенн Пыллуаастың бұндаймәлімдеме жасауына РФ сыртқы істер министрлігінің департамент басшысы СергейБЕЛЯЕВТІҢ РИА новости сайтына шыққан сұхбаты түрткі болыпты. Ресейлік шенеунік1920 жылы жасалған «Тарту бейбіт келісімін» мойындамайтындарын бірнеше ретайтқан.«Тарут бейбіткелісімін мойындамау бұл Эстон Республикасын мойындамау деген сөз. Бұл құжатмемлекеттілігімізді көрсетеді», — деді Хенн Пыллуаас.1920 жылғы тәуелсіз Эстониямен советтік Ресей арасындағы «Тарту бейбіт келісімі» бойынша қазір РФқұрамындағы Ленинград облысына қарасты Кингиссеп, Славенцев аудандары мен Печораймағының кейбір аумағы Эстонияға өтуі тиіс. Өзін КСРО-ның мұрагерім деседе,ресми Кремль 1920 жылғы келісім шартты мойындайтын емес.Фото: delfi.ee

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз