Саясат

«Ресейдің күні бітуге таяу»

Украиналықжурналист Дмитрий ГОРДОН Ресеймен келіссөз жүргізудің керегі жоқ, оның күнібітуге таяу деп есептейді.

«Ресейдің күні бітуге таяу»

Ол бұл туралы Украинаның «Наш» телеарнасына бергенсұхбатында айтты деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Гордон Украинатерриториясының бүтіндігіне кепіл болған – АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқтыелдер араласпаса, Ресеймен келіссөз жүргізуден түк шықпайтынын айтады. Бұлтізімге Германия мен Еуроодақ та қосылса тіпті жақсы болар еді дейді ол.

«Бұл елдерсіз Ресеймен келіссөз жүргізуді бастаудыңешқандай мәні жоқ деп есептеймін. Ал Зеленский мен Путиннің бетпе-бет кездесуіжайлы айтудың тіпті керегі жоқ. Өйткені, айтатын ештеңе жоқ. Путиннің айтарықысқа ғана: «Донбасты алыңдар, федерализация жасаңдар, Қырым біздікі, ол туралыұмытыңдар, айтпақшы, батыстық әріптестеріңе айтыңдар, бізге салған санкцияларынқайтып алсын...» Басқа ешқандай әңгіме жоқ. Путин Қырымнан ешқашан бастартпайды. Өйтсе, бұл ол үшін саяси харакири болмақ. Оның Қырымнан бас тартпайтынынбіле тұра келіссөз жүргізіп не керек?» — дейді Гордон.

Журналист соныменқатар Ресей Қырымнан өзі-ақ кетеді деп есептейді. Оның күні санаулы дейді. Олүшін Украина ішкі-сыртқы саясатта бірқатар сәтті қадамдар жасауға тиіс. УкраинаҚырымды қайта тартып алмайды, Украинада жағдай түзелсе, Ресейдегі халық қазіргібиліктен өзі-ақ бас тартады. Өйткені, Украинадағы соңғы сайлаудың өзіресейліктерді ойландырып тастады.

«Ресейдің күні санаулы. Мен мемлекетті айтып отырғанжоқпын. Рас, оған қатысты да мәселелер бар. Совет одағының бір-ақ сәтте құлапқала салғанын еске салғым келеді. Айтайын дегенім, Ресейде наразылық шегінежетіп тұр. Путинге, оның билігіне. Массалық манифестиация орын алып жатқанынкөріп отырмыз. Олар әзірге бейберекет болса да әйтеуір бар. Халық топ-тобыментыйым салынған митингілерге шығып жатыр. Билік шегінуге мәжбүр.… Жаманәдеттің жұқпалы болатыны сияқты, жақсылық та тез жұғады. Зеленский ішкі-сыртқысаясатта жетістіктерге жететін болса, ресейліктер «бұлай да болады екен-ау»,деп ойлай бастайды. Сол себепті, мен Зеленскийге үміт артам. Зеленскийдіңжетістігі – Украинаның жетістігі. Ал, Украинаның жетістігі – Ресейдің құлауыдеген сөз».

Гордон сондай-ақукраиналықтарды «Порошенконы ұмытуға» шақырды. Өйткені, ол өткен шақ. Басқажүйенің адамы. Оның өзінде де, партиясында да болашақ жоқ. Ал, Украина мүлдебасқа дәуірге аяқ басты деп есептейді журналист.

Фото: utro.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз