Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 11 Желтоқсан 2024

Ресей Асадты Сириядан қашуға итермелеген

Башар Асад
Башар Асад. Фото: РИА Новости

Асад режимінің көтерілісшілер ілгерілеуіне қарсы тұра алмайтыны белгілі болғаннан кейін Ресей оны Сириядан кетуге көндірді, деп жазады Bloomberg. Қашуды ресейлік арнайы қызмет ұйымдастырған.

Ресей билігі Сириядағы қарулы топтардың шабуылын бастағаннан кейін президент Башар Асадтың жеңілетініне сендірді және егер ол дереу елден кетсе, оған және оның отбасына қауіпсіз эвакуациялау мүмкіндігін ұсынды, деп жазады Bloomberg сәрсенбіде. 11 желтоқсан, үш ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Асад Сириядан қашуға келісім бергеннен кейін оны эвакуациялауды ресейлік барлау агенттері ұйымдастырған. Желтоқсанның 8-іне қараған түні олар көтерілісшілер Дамаскіге кіріп, 14 жылға жуық уақытқа созылған қақтығыста жеңіске жеткенін жариялаудан бірнеше сағат бұрын, Сириядағы ресейлік әуе базасы арқылы биліктен қуылған президентті заңсыз жолмен алып кетті. Агенттік сұхбаттастарының бірі хабарлағандай, Асад мінген ұшақтың транспондері қадағаланбау үшін көтерілгеннен кейін көп ұзамай өшірілген.

Тегтер: