Әлеумет

Ресей генералы зымыран соққысынан қаза тапты

Ресейдің Оңтүстік әскери округіне қарасты 51-армия штабына жасалған зымыран соққысы салдарынан генерал-лейтенант Сергей Мильчаковтың қаза тапқаны хабарланды.

Сергей Мильчаков

Ресейлік Z-пропаганда өкілі Анастасия Кашеварова соққының нысанаға дәл тигенін айтып, әскери нысанның орналасқан жері туралы ақпараттың өз әскерилерінен тарап кетуі мүмкін екенін жазды.

Мильчаков бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен «Ресей Батыры» атағына ие болған. Ол Ресей әскерінің Покровск-Доброполь бағытындағы шабуылына қолбасшылық еткен.

Генералдың қаза тапқаны туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз