Ресей Қазақстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді өзгерткісі келеді
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу жөнінде келіссөздерді бастауды тапсырды.
Тиісті өкім Ресейдің ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
Әңгіме 2013 жылы Қазақстан мен Ресей арасында жасалған әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім жөнінде болып отыр. Бұл құжат қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу, қару-жарақты жөндеу, әскери технологияларды беру, бірлескен әзірлемелер жүргізу және әскери мамандарды даярлау мәселелерін реттейді.
Алайда Ресей тарапы келісімнің нақты қай тармақтарын өзгертуді ұсынып отырғаны жарияланған құжатта көрсетілмеген.
Сондай-ақ Мәскеу дәл осындай келіссөздерді Өзбекстанмен де өткізуді жоспарлап отыр.