Live

Ресей мұнайын өңдеу жөнінде Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан Ресейден келетін мұнайды өз мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Мұнай

Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, тараптар ресейлік мұнайды Қазақстанда өңдеп, алынған мұнай өнімдерін ішкі нарықта өткізу және оның бір бөлігін қайтадан Ресейге экспорттау мүмкіндігін талқылауда.

Алайда әзірге өңделетін мұнай көлемі, ықтимал келісімнің шарттары және келіссөзге қатысатын нақты мұнай өңдеу зауыттары жарияланған жоқ.

Бұған дейін Reuters Ресейдің жанармай тапшылығына байланысты Қазақстаннан 50 мың тонна бензин жеткізу мәселесін де талқылап жатқанын хабарлаған еді.

Ресейдегі жанармай тапшылығы

2026 жылдың жазында Украина дрондарының Ресейдің мұнай қоймалары мен мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдары салдарынан елде соңғы жылдардағы ең ірі жанармай тапшылығы қалыптасты.

Reuters бағалауынша, украиналық шабуылдардың нәтижесінде Ресейдің мұнай өңдеу қуатының шамамен 25 пайызы толық немесе ішінара істен шыққан. Соның салдарынан Ресейдің бірқатар өңірінде жанармай сатуға шектеулер енгізілді.

Тегтер: Ресей мұнайы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз