Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 28 Мамыр 2024

Ресей «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығаруы мүмкін

f
Фото: из открытых источников

Ресей Сыртқы істер министрлігі мен Әділет министрлігі Ресей президенті Владимир Путинге Талибан қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен шығаруға болатынын хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне РФ СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабулов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2021 жылы Ауғанстанда билікке келген Талибан үкіметін Ресейдің мойындауы үш жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақындай түскен. Ол «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығармай, «Талибан» үкіметін тану туралы айтудың әлі ертерек екенін атап өтті.

Кабулов «Талибан» үкіметін мойындау туралы айта отырып, «еңсеру керек кейбір мәселелер бар, содан кейін Ресей басшылығы шешім қабылдайды» деді. Алайда, ол қандай тармақтар туралы айтып жатқанын нақтыламады.

Заңгер Дмитрий Аграновский ТАСС агенттігіне берген түсініктемесінде тәліптерді лаңкестік ұйымдар тізімінен шығару тек Жоғарғы соттың шешімімен ғана мүмкін болатынын түсіндірді.

Ресей Жоғарғы соты «Талибан» қозғалысын 2003 жылы террористік ұйым деп жариялады. Сот өз шешімінде «Талибан» қозғалысы 1994 жылы Ауғанстанда экстремистік исламдық қозғалыс ретінде құрылғанын, Шешенстанда әрекет ететін заңсыз қарулы топтармен байланысын ұстанатынын, сондай-ақ өз қызметінде террорлық әдістерді қолданатынын атап өткен.

Фото: exclusive.kz

Тегтер: