Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:31, 04 Наурыз 2024

Ресей Украинаның Қазақстандағы экс - елшісін террористер тізіміне енгізді

экс-елші
Фото:  kazakhstan.mfa.gov.ua

Ресей соты «мүмкіндігінше көп ресейліктерді өлтіру қажеттігін» айтқан Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісін сырттай қамауға алды.

Ресейде Петр Врублевскийге қарсы араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сол кезде Украинаның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын басқарған Врублевскийдің 2022 жылдың тамызында берген сұхбаты себеп болған. Ол, атап айтқанда: «Қазір біз қанша орысты өлтірсек, біздің балаларымыз соғұрлым аз өледі», - деген

Росфинмониторинг Врублевскийді террористер мен экстремистер тізіміне енгізді.

2022 жылдың қазан айының басында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Врублевскийді шақырып, оған наразылық білдірді, бірақ оны елден шығармады, бұл Ресей билігінің сынына ұшырады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың ашық айтқан мәлімдемелерінен кейін Ресей елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Қазан айының ортасында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді елші қызметінен босатты.

 

Фото: kazakhstan.mfa.gov.ua

 

Тегтер: